• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкерлердің  40 пайызы тестілеуден өтті 10.01.2017

Оның ақпаратына сүйенсек, баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет құру жолындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет саласының бағыттарына сәйкес 2016 жылдан бастап жоспарлы және жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Облыс аумағындағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны - 5145 білікті және мемлекеттік қызметшілердің нақты саны - 4818 қызметшіні құрады.

Жамбыл облысында 6 - мемлекеттік саяси қызмет лауазымдары, 17 - «А» корпусының және 5122 - «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызмет лауазымдары бар.

Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 46,7% (2250) әйелдер. Есепті жылдың басынан бастап мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа біліктілік талаптарын жоғарылату нәтижесінде, жыл ішінде жоғары білімі бар қызметшілердің үлесі 87,5%-дан 89,4% (4308) артып отыр.

Мемлекеттік қызметшілердің ішінде 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 21% (1014) болса, орташа жасы 40,5 жасты құрайды.

Ұлт жоспарының 12 қадамымен көзделген жаңа этикалық ережелерді енгізу мәселелері Департамент қызметінің басты бағыттарының бірі. Тиісті бағыттағы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін жаңа талапқа сәйкес Әдеп жөніндегі кеңесі құрылды.

2016 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 9 отырысында барлығы 64 мәселе, оның ішінде 44 тәртіптік іс қаралды - деп ӨКҚ-де өткен брифинг барысында Мақсұт Ыбрайханұлы айтты.


Back to the list