06.01.2017
Сенатор Явлен орталық ауруханасының, «Пекарушка» шағын наубайханасының, «Егін» және «Заградовская» мекемелерінің еңбек ұжымдарымен жүздесті.
Кездесулер барысында О. Перепечина Мемлекет басшысының бес институттық реформаларын іске асыруға бағытталған әрі мемлекеттің саяси және қоғамдық өмірін өркендету арналған заңдар, Парламенттің 2016 жылғы заң шығару қызметі туралы әңгімеледі. Сенатор жаңадан күшіне енген заң ережелеріне сәйкес, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуге қатысты сауалдарға жауап берді. О. Перепечина Петропавл қаласында облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен, сондай-ақ облыстық мәслихат басшылығы және аппаратымен «Қоғамдық кеңестер туралы» заңды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізуді жоспарлады.