04.01.2017
Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру мақсатында 2015 жылғы 2 қарашада «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңы қабылданған.
Қазіргі уақытта республика бойынша 226 қоғамдық кеңес құрылған, соның ішінде республикалық деңгейде – 13, облыстардың, Астана, Алматы қалалары деңгейлерінде – 16, қалалар мен аудандарда – 197 кеңес.
Жалпы республика бойынша қоғамдық кеңестерде 4 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде 75%-ы – азаматтық қоғам өкілдері.
Негізгі өкілеттіктерді іске асыру аясында қоғамдық кеңестер қызметтің ұйымдастырылуы басталғаннан бері 1900-ден астам отырыс өткізген.
Қоғамдық кеңестер өз қызметінде заңнамада айқындалған қоғамдық бақылаудың барлық құралдарын пайдаланады.
Қоғамдық кеңестер 213 облыс, Астана, Алматы қалалары, қалалық және аудан әкімдерінің, 12 орталық мемлекеттік орган басшысының, білім беру, денсаулық сақтау, экономика, қаржы, әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы саласындағы 800-ден астам мемлекеттік орган басшыларының есебін тыңдаған.
Қоғамдық бақылаудың анағұрлым белсенді нысаны азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық сараптау болып табылады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің 6000 жуық жобасы қаралып, оларға ұсыным берілген.
Қоғамдық кеңестер автомобиль жолдары, жолаушылар тасымалы қызметтерінің сапасын арттыру, халықты таза ауыз сумен жабдықтау, санитариялық-экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері бойынша, тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормалары бойынша 450-ден астам қоғамдық тыңдаулар өткізген.
Қоғамдық кеңестердің мүшелері жер реформасы мәселелерін түсіндіруге белсенді түрде қатысуда.
Астана, Алматы қалаларында, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Ақмола облыстарында 1 республикалық және 11 өңірлік оқыту семинары өткізілген. Семинарларға барлығы 500-ден астам адам қатысқан.