• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сенат комитетінде тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша түзетулер қаралды 21.12.2016

Жоба Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 53-ші қадамын және 2015 жылғы 30 қарашадағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында әзірленді, деп хабарлады Сенат.

Құжаттың мақсаты Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру және оны Экономикалық ынтымақтастық ұйымының стандарттарына сәйкес келтіру, сондай-ақ арнайы инвестициялық жобалар мен тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау шараларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасымен монополияға қарсы органның жүйесін реттеу және оның өкілеттіктері мен міндеттерін айқындау, қоғамдық маңызы бар нарықтарды енгізу, монополияға қарсы комплаенс институтын енгізу, үстем және монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін реттеу жөніндегі нормаларды нақтылау және басқалар көзделеді.

Сонымен қатар, заң жобасының бірқатар ережелері арнайы инвестициялық жобаларды іске асыруды мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ ипотекалық несиелеу саласындағы мемлекеттік қолдауды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған. Заң жобасы 


Back to the list