20.12.2016
Ол МЖӘ жобаларының мақсаты инфрақұрылымды дамытуға жеке меншік капиталын тарту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылатынын атап өтті.
Еске сала кетейік, инвестицияларды тарту жөніндегі жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасы шеңберінде Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған жол картасы әзірленген.
«Ақмола облысы бойынша 21,6 млрд теңге жалпы сомасына 52 жобадан тұратын тізбе қалыптастырылған, ол 3 кезеңмен іске асырылады. Бірінші кезеңде – 11 жобаны, екінші кезеңде – 30 жобаны, үшінші кезеңде 11 жобаны іске асыру жоспарланып отыр», - деп хабарлады ол.
Оның айтуы бойынша, МЖӘ жобалары арасында 28 балабақшаны салу, қайта құру немесе жөндеу де бар. Мысалы, Целиноград ауданының Ақмол ауылында 280 орынға арналған балабақшаның құрылысы жобасы бойынша ағымдағы жылғы қыркүйекте ашық конкурс өткізіліп, әлеуетті инвестор - «EndlessGreenValley» ЖШС анықталған. Жоба бойынша мемлекеттік міндеттемелер мәслихат сессиясының 2016 жылғы 28 қазандағы шешімімен қабылданған. Және ағымдағы жылғы 22 қарашада жеке әріптеспен шартқа қол қойылған.