• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ұлт жоспары: Прокуратурада  кандидаттарды бағалаудың жаңа инструменттері өз тиімділігін дәлелдеді 14.12.2016

Алқа жұмысына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жауапты қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Елбасының «Кәсіби аппарат құру» реформасының маңыздылығын атап өткен Жақып  Асанов бұл бағытта орасан зор жұмыс жүргізіліп жатқандығын ерекше атады.

«Өз қатарларымыз» тазалануда, болашақ прокурорларды іріктеудің объективті әрі ашық жүйесі құрылуда, басшылық құрамды тағайындау тәсілдері өзгеруде, Құқық қорғау органдары академиясы базасында қызметкерлер даярлау тетігі жетілдірілуде.

«Бұл тақырып жастар үшін  ерекше өзекті және  маңызды, олар прокуратура органдарына тамыр-таныссыз орналасуға болатындығына сенуі керек», - деп осы мәселеге баса назар аударды Бас Прокурор.

Кандидаттарды бағалаудың жаңа инструменттері өз тиімділігін дәлелдеді, жұмысқа қабылдау кезінде субъективизмге жол бермеуге мүмкіндік берді. 12 прокуратурда өткен конкурстардың қорытындысы бойынша, 1350 кандидаттың тек 69-ы ғана конкурстың барлық кезңдерінен сәтті өтті және үздік нәтижелер көрсетті. Қазір 64 кандидат еліміздегі қала және аудан прокуратураларында лауазымдарға тағайындалды. Олар академиядан оқытудан өтті.

Сонымен қатар алқа отырысында ЖОО-лардың рейтингін жүргізу қажеттілігі атап өтілді.

Студенттер мен олардың ата-аналары не үшін ақша төлейтіндігін және қандай да бір ЖОО-ның түлегіне жұмысқа орналасудың шынайы мүмкіндіктері қаншалықты екендігін білуі тиіс. Бұл бастамалар кадрлармен жұмысты одан әрі жетілдіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде ұсынылды, оның жобасы алқа отырысында таныстырылды.  

Бұдан басқа, бүгінгі отырыста сондай-ақ «30 үздік мемайыптаушы» жобасын іске асырудың нәтижелері айтылды.  


Back to the list