• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қ.Мәми: Жоғарғы сот Ұлт жоспарының оған жүктелген барлық 10 қадамын  орындады 21.11.2016

«Жоғарғы сот Ұлт жоспарының оған жүктелген барлық 10 қадамын  орындады. Одан басқа, 6-съезде қабылданған барлық қаулылар іске асырылды. Сарапшылардың бағалауына сәйкес, қоғамда заңдардың жұмыс істеп жатқанына, адам өз құқықтарын қорғай алатынына сенімділік нығаюда. Қазақстандық сот жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес дамып келеді», - деп хабарлады ол.

Қ. Мәми Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстан өз көрсеткіштерін 5 орынға жақсартып, 189 елдің арасынан 9-орын алғанын атап өтті.

«Қазақстандық сот корпусының қоғамдағы беделін БҰҰ бағдарламасымен жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері растайды – сұралғандардың 71,3%-ы судьялардың жұмысына қанағаттанатынын білдірді, бұл еліміздегі заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады», - деп қосты Қ. Мәми. 


Back to the list