21.11.2016
«Бүгін бізде көптеген дамыған елдердегідей, электрондық сот жүргізу ісі енгізілді, енді азаматтарымыз үйден шықпай, сотқа жүгіне алады. Биылғы жылы соттарға электрондық түрде 73% азаматтық іс келіп түскен, ал осыдан бірнеше жыл бұрын бұл мүмкін болмаған еді», - деп хабарлады Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуы бойынша, судьяларды әлеуметтік-құқықтық қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасап келеді.
«Менің жеке тапсырмам бойынша отставкадағы судьяларды материалдық қамтамасыз етудің барлық мәселелері шешілді. 2014 жылдан бастап соттарды қаржыландыру 3 млрд теңгеге өсіп, ағымдағы жылы шамамен 30 млрд теңгені құрады. Сот корпусының тұрғын үй қоры соңғы 3 жыл ішінде 20%-ға жаңарды, осылайша, мемлекет тарапынан сот жүйесі үшін барлық жағдайлар жасалуда», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Одан басқа, Н. Назарбаев халықтың соттарға деген сенімін ерекше атап өтті.
Индира Қауметова