• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
АӨК-ні мемлекеттік қолдау елдің  өз өндірісін   арттыруға үлес  қосады  - сарапшы (БЕЙНЕ) 07.11.2016

«Жастар көбінесе мал шаруашылығыға барады, олар бұл салада үнемі еңбек ету қажет екендігін  сезінбей  жатады, кейбір фермерлер   астық  саласында артықшылық көрген соң, мал шаруашылығынан кетіп жатады. Сондықтан бұл сала мемлекетке тәуелді болуы керек. Егер сүт қажет болса, мемлекет  астық өндірісінен  қалдық тауып , қалған қаражатты сүт шаруашылығын қолдауға бағыттауы керек. Қолдау болса, даму да болады», - деді сарапшы.

Н. Стрекозов айтқандай, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне  электр энергиясының бағасын көтеру  саланың дамуына әсер етуі мүмкін.

«Бұл фермерлерді шығынға батырады, кірісті өндірістердің  есебінде ауыл шаруашылығына жәрдемдесу қажет. Оған қоса, өңірлік  басшылық та қызығушылық танытуы керек. Осындай стандартқа жетуі керек. Сүт өнімінің   өндірісін 90 пайызға,  ет өнімін  85 пайызға жеткізу қажет», - деді сарапшы.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспары шеңберінде агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының маңызды бөлігі болып табылатынын еске сала кетейік, ол ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеу және тұтынушыға жеткізу салаларын қамтиды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін өндіріс құралдарымен қамтамасыз етеді.

Индира Кауметова

Бейне:  Азамат  Әлиев


Back to the list