22.10.2016
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жәрдемдесуге 44 адам (ШАК алушылар арасында еңбекке қабілетті халық ішінен немесе 91,6%) тартылды, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысатын 42 адам (87,5 %) тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-ші қадамын іске асыру шеңберінде Астана қаласында 2015 жылғы қыркүйектен бастап әлеуметтік келісімшарт негізіндегі «Өрлеу» жобасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыруға және әлеуметтік қолдаудың белсенді шараларын пайдалану және масылдықтың алдын алу арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жаңғыртуға бағытталған.Толық ақпарат алу үшін Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына (Иманбаева көшесі, 16 мекен-жайы бойынша) келу керек.