19.10.2016
Шараға JP Morgan, Northtop Group, Google, Microsoft, BCG, Barclays, Goldman Sachs, Chevron International, NewYork Stock Exchange, NASDAQ, Deloitte сынды ірі корпорациялардың өкілдері мен АҚШ-тың академиялық және іскерлік ортасы қатысты, деп хабарлады СІМ.
«Кәсіби дамыту бағдарламасы қызметкерлердің кадрлық резервін құру мақсатында іске қосылды, олар шетелдік кәсіби тәжірибені АХҚО-да пайдалануға қолданады. АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов қаржы орталығының стратегиялық бағыттары туралы айтып берді. Оның айтуынша, ерекше назар адами және басқару әлеуетіне аударылып отыр», - делінген хабарламада.
АХҚО кәсіби дамыту бағдарламасын таныстырған атқарушы директоры Саясат Нұрбек аталмыш бағдарламаның өзектілігін айтып өтті. Оның айтуынша, қаржы орталығының алдында отандық мамандарды дайындау мақсаты тұр, олар қаржы орталығындағы шетелдік кадрды алмастырады.
Нью-Йорк университетінің экономика профессоры және танымал экономист Нуриэль Рубини өз кезегінде Еуразия алаңында қаржы орталығын ашу бастамасын қолдады. Оның айтуынша, талантты мамандарды тартып қана қоймай, елдегі адами капиталды дамыту қажет.