17.10.2016
Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам бес институционалдық реформасын жүзеге асыру аясында Холдинг екі қадамды іске асыруға ат салысады: 60 Қадам – сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту және 61 Қадам – етті қайтадан өңдеу мен оның өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту.
Етті пен сүтті қайта өңдейтін және өндіретін жобаларды қаржыландыру көзі, Үкіметтің шешіміне сәйкес, Біріңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан Холдингке бөлінетін қаржы есебінен іске асады. Біріңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан қаржы бөлу механизімі: Холдингтің құнды қағаздарын 10 жылға шығару және орналастыру үшін жылдық 14 процент мөлшерлеме бойынша, 15 жылға – жылдық 15 процентпен берілетін болады.
Бұдан өзге, атап өтетін жайт аталған қаржылардың құны қарыз алатын ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін жылдық 19 проценттен төмен бомайды, бұл қаржының орналастырылмауына және қайтарылмауына әкеп соқтырады.
«Кредиттік ресурстардың құнын төмендету мақсатында, Холдинг тарапынан, бюджеттен тыс қаржы көзінен тартылатын қымбат қаржыларды, Республикалық бюджет қаржысы есебінен бөлінетін қаржылармен реттеудің механизмі пысықталып және бекітілді. Осылайша, соңғы қарыз алушы үшін белгіленген мөлшерлеме жылдық 11,5 проценттен аспайтын болады», -деді Айгүл Мұхамадиева.
Холдинг компаниялар тобындағы тағы бір маңызды бағыт – ауылдық кооперативтерді дамытуды қолдау.
2006 жылдан бері Аграрлық несие корпорациясы ауылдық тұтыну кооперативтері мен ауыл тұрғындары үшін бірлескен өндірісті дамыту, дайындау мен тұтыну, сақтау, ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдау, тауарлы материалды құндылықтарды жабдықтау бағдарламасын жүзеге асырумен айналысады. Бұл бағдарлама бойынша 147 кооператив, жалпы сомасы 12,3 миллиард теңгеге қаржыландырылды.
2015 жылы Холдинг тарапынан астық өндіру саласындағы ұсақ және шағын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін біріктіру үшін және оларды екінші деңгейлі банктер арқылы қыржыландыру бағытында жаңа қадам жасалды. Бұл жерде «Азық түлік келісім-шарт копорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ, кооперативтерден кепілдендірілген астық сатып алу механизі арқылы шаруалардың қаржыны қайтаруына кепіл бола алады.
Биылғы жылы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы 10 осындай бірлестік қаржыландырылды. Ол жердегі 212 қатысушының егіс алқабы 726 мың гектардан аса жерді құрады. Берілген қаржы сомасы – 8,3 миллиард теңге. Кооперациялардан алынған бұндай жайлы тәжірбиені Холдинг болашақта ауыл шаруашылығының басқа да салаларында жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және Агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімдердің өндіріс көлемін жеке аула шаруашылықтарының мүмкіндігін пайдалану есебінен арттыру мақсатында Холдингтің еншілес компаниясы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акциоенрлік қоғамы 2016-шы жылғы 8-ші тамыздан бастап, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» және «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламаларының қаржысын пайдалана отырып, шағын несие берудегі жаңа өнімдерді жүзеге асыруға іске кірісті.
Бүгінгі күні «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ауылдық жерлердегі 90 проценттен аса шағын несие беру нарығын қаржыландырып отыр.