• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«ИТП» АЭА 10 жыл ішінде 95 млрд теңгенің өнімін сатты 01.10.2016

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық  аймағы  10 жылдық мерейтойын тойлады. «ИТП» АЭА жұмысы  инновациялық кластерді дамытудың  бөлігі болып табылады. 

10 жыл ішінде технопарк 95 млрд теңгенің өнімін сатып,  20 млрд теңге инвестиция тартты. Кәсіпорындар 10 млрд теңгеге мемлекеттік бюджетті толықтырды.  3 мың жұмыс орыны құрылды.  «ИТП» АЭА  ерекше жұмысы технологиялық кәсіпорындардың  санын 145-ке жеткізуі.

Биыл индустриялындыру  картасының екінші бесжылдығын жүзеге асыру аясында  жарықдиодты  бұйымдарды «жасыл» технология әдісімен іске қосу қарастырылды. Зауыттың ашылуы smart-жарықтандыру жобасын мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Әкімдікте хабарлағандай, кәсіпорындардың саны екінші кезеңдегі «ИТП» АЭА инфрақұрылымы жүзеге асқан соң көбейеді.

 


Back to the list