21.10.2016
«Қазақстан аумағы жағынан – үлкен ел, ал халық саны жағынан – кішкентай. Бірақ дипломатиялық стилі мен жетілуі, қол жеткізілген мақсаттары, танымалдылығы жағынан Қазақстан «үлкен» ел болып саналады», - деп атап өтті Я. Пейшэн.
Сонымен бірге сарапшы Қазақстанның инновациялар рухы, тұрақты белсенділік және үдемелілік, құнды инклюзивтілік сияқты төрт дипломатиясын атап өтті.
«Инновациялар рухы: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенімділік шаралары жөніндегі жиналыс, әлемдік және дәстүрлі дінбасылардың съезі, ЕАЭО құру бастамасы және басқа да жүзеге асырылатын маңызды бастамалар. Тұрақты белсенділік және үдемелілік: Президент Н. Назарбаев қай жерде болмасын, сыртқы әлемдегі әріптестермен ынтымақтастық жасау мүмкіндігін жібермейді. Құнды инклюзивтілік: Қазақстанның барлық жерде достары бар. Ресеймен және Қытаймен, сондай-ақ басқа да елдермен тығыз әрі тұрақты достық қарым-қатынас орнатылған. Мемлекет ЕО-мен және АҚШ-пен іскерлік байланыс орнатты. Президент тек екіжақты қарым-қатынастарда ғана емес, сонымен қатар көпжақты қарым-қатынастардағы проблемаларды шешуде кең пейілділік пен икемділік көрсете алады», - деді Я. Пейшэн.
Сарапшының пікірі бойынша, Қазақстанның сәтті дипломатиясы елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік саласын дамыту үшін сыртқы қолайлы жағдайлар жасады.
«Қызықстан мен Қытай БҰҰ, АӨСШЖ, ШЫҰ және басқа ұйымдар шеңберінде бірқатар өңірлік және халықаралық проблемаларды тығыз үйлестіреді. Алдағы екі жыл ішінде Қазақстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде Қытаймен, Ресеймен және БҰҰ ҚК басқа да мүшелерімен бірге бір үстел басында жұмыс істейді. Біз әр түрлі жаһандық проблемаларды шешуге жаңа үлес қоса алатынымызға және әлем Қазақстанды ести алатынына сенімдімін», - деп қорытты қытай дипломаты.
Ботагөз Айтжанова