21.10.2016
««Әлем. XXI ғасыр» Манифесті - жауапкершілгі мол елдің дауысы. Елбасы Н.Назарбаев әлемдегі болып жатқан жағдайларды бағалап қана қоймай, олардың салдарына жауап қайтару жолдарын іздейді. Ол жердегі қауіпті тенденцияларды айтып өтті. Бізді әлемде кейбір мемлекеттердің дағдарыстан екістандарттық саясатты қолданып жатқаны алаңдатты. Олардың кесірінен әлемде қанша ана мен бала қаза тапты», - деді ол.
Сарапшының айтуынша, манифест Қазақстан көшбасшысының стратегиялық ойлауын көрсетіп отыр.
«Біздіңше, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мол. Мәселен, 25 жыл бұрын Н.Назарбаев ұжымдық қауіпсіздікті құру идеясын ұсынды, ол Азия континенті елдерін біріктіріп отыр, оған қоса АӨСШК кеңесін өткізуді ұсынған болатын. Оның өзегі жаңа жағдайда жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда 26 ел аталмыш ұйым құрамына енген. Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан алғашқы ел болды», - деді Я. Пейшэн.
ҚХР СІМ елшісі айтқандай, «Әлем. XXI ғасыр» Манифесті барша адамзаттың тағдырына қатысты құжат.
Оның айтуынша, ҚР-ның 2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесіне сайлануы елдің мәртебесін көрсетеді.
Айта кетейік, Астанада «Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесті» саясаттанушылардың халықаралық конгресі өтті. Оның жұмысына Ресей мен Қытайдың сарапшылары мен ғалымдары, отандық саясаттанушылар, ғылыми-сараптамалық орталықтардың мамандары, профессорлар мен жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Ботагөз Айтжанова