10.10.2016
«Ядролық қарусыз бейбіт өмір құруға қосқан үлесі үшін мен арнайы сыйлық тағайындау туралы шешім қабылдадым. Жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздік үшін сыйлықтың бірінші лауреаты болып Иордания Королі Абдалла II ибн-Хусейн тағайындалды», — деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев.
Сыйлық табыстау туралы хабарландыруды Мемлекет басшысы Ақордада сенім грамоталарын қабылдай отырып, Австрия, Ватикан, Германия, Греция, Катар, Нидерланды, Швейцария және Жапонияның төтенше және өкілетті елшілерінің қатысуымен жариялады.