06.10.2016
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев оқып берді.
«Халықаралық терроризм жаңа әдістерге ие болды. Террорлық акт барша адамзатқа қарсы кектің қаруына айналды.
Бұл зұлымдықпен күрес - әлемдік қауымдастықтың міндеті. Терроризмге қарсы тұрудың жауапкершілігін ең алдымен қоғамның, діннің, парламентарилердің көрнекті өкілдері алуы керек.
Өкінішке қарай, аталмыш мәселеден шығу жолы әлі де жоқ. Сондықтан жауапқа бару жолын бірлесіп іздеуіміз керек. «Дін терроризмге қарсы» конференциясы саяси және діни қайраткерлердің байланысына серпін береді», - деді ҚР Президенті.
Өз кезегінде, Б.Майлыбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің халықаралық терроризмге қарсы күресуде діннің рөлі атты бірлескен бастамалары өте өзекті мәселе болып табылатынын айтып өтті.
«Жанжалдар мен даулар ешқандай пайда әкелмейді және мағынасыз болып табылады.Ал «Дін терроризмге қарсы» деп аталатын конференция Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінде белгіленген халықаралық терроризмге қарсы тұру бастамаларын жүзеге асыру үшін қосымша алаң қызметін атқарады», - деді Б.Майлыбаев.
«Бір өкініштісі – әзірге бұл проблеманы шешудің біртұтас және ауқымды тәсілі жоқ. Сол себепті, ғаламдық қауіпке айналған бұл мәселені шешу жолын бірлесіп қарастырған жөн. «Дін терроризмге қарсы» конференциясы саяси және діни қайраткерлердің диалогының өрби түсуіне ерекше қарқын береді деп сенемін», - дейді Б.Майлыбаев.
Ресей Президенті В.Путиннің атынан үндеуді РФ Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Магомедсалам Магамедов оқып берді.
Конференцияға Ресейдегі Қазақстанның Өкілетті және Төтенше елшісі Марат Тәжин, Қазақстан мен Ресей министрліктері мен ведомстволарының өкілдері, РФ Мемлекеттік Дума депутаттары және екі елдің қоғам қайраткерлері қатысты.