03.10.2016
Пленарлық сессия барысында Е. Сембаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық таратпау және қарусыздандыру саласындағы, соның ішінде әскери бюджеттердің 1%-ын тұрақты даму мақсаттарына бөлу жөніндегі бастамаларына арналған ҚР Сыртқы істер министрінің сәлемхатын оқыды. Кездесуге қатысушылар арасында SIPRI Дүниежүзі проблемалары Стокгольм халықаралық институтының осы мәселесі бойынша шолу баяндамасы таратылды.
Сондай-ақ, ведомствоның ақпараты бойынша, конгресс алаңдарында қазақстандық дипломат IPB тең төрағасы Райнер Браунмен, IPU парламентаралық одағының президенті Сабер Чаудуримен, БҰҰ-ның қарусыздандыру мәселелері жөніндегі бұрынғы жоғарғы өкілі Ангела Кейнмен, ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас хатшысы Фредерико Майор-Сарагосамен, SIPRI Стокгольм дүниежүзі проблемаларын зерттеу институты бағдарламаларының директоры Оди Флеранмен, сондай-ақ бірқатар өзге ядроға қарсы ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстардың өкілдерімен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, ведомствоның ақпараты бойынша, конгресс алаңдарында қазақстандық дипломат тең төрағамен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында Е. Сембаев сұхбаттастарын Қазақстанның сыртқы саясатының өзекті қырларымен және басымдықтарымен, соның ішінде 2017-2018 жылдары еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі алдағы мүшелік етуінің мәнмәтінінде таныстырып өтті. Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы барысында айтылған мемлекет Басшымыздың бастамаларына, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифестінің ережелеріне негізгі көңіл бөлінді.
Конгреске қатысушылардың жалпы пікірі бойынша, біздің планетамыздың болашағы мемлекеттердің ядроға қарсы сәтті саясатынсыз мүмкін емес және әлемдегі 4-ші ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тартқан және әлем алаңында ядроға қарсы бастамаларды белсенді түрде ілгері жылжытып жүрген Қазақстанның мысалы көптеген елдер үшін жақсы үлгі болып табылады.