05.02.2015
«Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында облыста «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі», «Бірлігіміз жарасқан» этнофестивалі сияқты ірі халықаралық шаралар өтеді, Ы. Досханұлы атындағы қазақ күресі, Т. Атаев атындағы дзюдо бойынша спорт турнирлері жоспарланған», - деді облыс әкімінің орынбасары Ж. Омар.
Облыста 40 шара жоспарланған. «Қазақ хандығы» картиналары көрмесін, қазақтың көшпенді этнографиясы мен мәдениетінің киіз үй үлгілері байқауы, қазақ хандығы тарихы туралы ақпараттық-ағарту бағдарламасы, «Тағылымды тарих» жастар форумын өткізу жоспарланған.
Қазақ хандығы тарихын насихаттауға театр, мұражай, кітапхана өз үлестерін қосады.
Барлық қалалар мен аудандардағы мәдениет, білім беру мекемелерінде тақырыптық мәдени-бұқаралық, ақпараттық-танымдық шаралар өтеді.