• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Тарихтың алтын кестесі» көрмесінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 50 экспонат қойылды (Фото) 04.02.2015

«Көрмеде 50-ден артық экспонат  көрсетілді. Бұл бір-бірін қайталамайтын бірегей  бұйымдар. Бұл алтын апталған үйлену, сыртқа шығатын әшекейленген бұйымдар», - деді А.Әбдібаит.

Айта кетерлігі, А.Әбдібаит  осы күнге дейін алтынмен тоқумен айналысады. Ол тарих қойнауында қалған киім-кешек үлгісіне жаңаша тыныс береді.

«Мен Айжанды суретші ретінде танимын. Оның  дәстүрлі алтынмен кестелеуді тізгіндегеніне көп уақыт өтті. Суретші алтынмен әспеттеуді қазіргі күнде қайта жаңғыртып жүр, бұл өнер түрі 19 ғасырда ұмыт болған еді. Оның жұмыстары ерекше, осы сынды қолөнер түрімен айналысатын адамдар жоқтың қасы», - деді Қалиолла Ахметжан.

Айта кетейік, Айжан Әбдубаит тарих қойнауында қалған ғасырлардың киімдері мен тұрмысын қалпына келтіреді және қайта жаңғыртады. Көне «Зерлеу» техникасымен ол той және ұлттық киімдерді, тұрмыс заттарын жасайды.

«Зерлеу» - алтынмен тігу техникасы ғана емес, бұл - ерекше пәлсафа. Автордың айтуынша, кестелеп тоқудың тамыры тереңде жатыр. Қазақтар бұл көркем әдіспен беделді адамдардың салтанатты киімдерін, бас киімдерін, тұрмыстық заттарын әшекейлеген. Әр зат түсінікті қажет ететін тарихи және мәдени ақпараттардың үлкен мағынасына ие, оларды тек түсініп сақтай білуіміз қажет.

Индира Кауметова


Back to the list