• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
А.Әбдубаит: Қожа Ахмет Яссауи құлпытасының  кілемі бойынша жұмыс істеу – үлкен бақыт 04.02.2015

«Мен үшін Қожа Ахмет Яссауи құлпытасының көрпесімен жұмыс жасау үлкен бақыт. Ол кезінде жоғалуға шақ қалған. 1978 жылға дейін Алматы қаласының музейінде болды. Кейін жарамсыз зат ретінде жазылып, көзі құртылуға шақ қалғанда қоғам қайраткері, облыс әкімі оны қалдырды», - деді ол.

А.Әбдубаит атап өткендей, жамылғы Түркістан қаласындағы Хазрет Сұлтан музейіне тапсырылды, қазіргі күнге дейін ол сол жерде сақталған.

«Қазір мен жамылғының суретін қайта қалпына келтірумен айналысып жатырмын. Бұл үлкен кілем 3,5-те 4,5- ке тең. Бұл аяқталған күні ұлы оқиға болады», - деді А.Әбдубаит.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде шығармашыл жастардың XV Республикалық «Жігер» фестивалі сыйлығының иегері, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының ұлттық «Ажар» сыйлығының иегері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Айжан Әбдубаиттің   «Тарихтың алтын кестесі» атты дербес көрмесі ашылды.

Индира Қауметова 

 

 

 


Back to the list