• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Тұңғыш Президенті  Музейінде «алтын кесте» бірегей өнер көрмесі ашылды 04.02.2015

Айжан Әбдубаит тарих қойнауында қалған ғасырлардың киімдері мен тұрмысын қалпына келтіреді және қайта жаңғыртады. Көне «Зерлеу» техникасымен ол той және ұлттық киімдерді, тұрмыс заттарын жасайды.

 «Мен өз алдыма мақсат қойып, соған қарай беттеймін, бұл тігін фабрикасы мен модель бизнесі емес, бұл-өнер, ал қолөнердегі өнердің шыңы алтынмен кестелеу», - деді А.Әбдубаит.

«Зерлеу» - алтынмен тігу техникасы ғана емес, бұл - ерекше пәлсафа. Автордың айтуынша, кестелеп тоқудың тамыры тереңде жатыр. Қазақтар бұл көркем әдіспен беделді адамдардың салтанатты киімдерін, бас киімдерін, тұрмыстық заттарын әшекейлеген. Әр зат түсінікті қажет ететін тарихи және мәдени ақпараттардың үлкен мағынасына ие, оларды тек түсініп сақтай білуіміз қажет.

«Мен ҚР Мемлекеттік Орталық музейі, ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі, Қазақстанның облыстық музейлері жинақтарында сақталған   жұмыстарымның қатарын толтырса өте риза болар едім», - деді ол.

Айта кетерлігі, көрме Музейдің серіктестік жобасы аясында қазақтардың сәндік-қолданбалы өнерінің көне дәстүрлері мен тарихи артефактілерғе жаңа өмір беретін автордың шығармашылығын ауқымды көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы тек жылнамалар мен аңыздарда ғана емес, сонымен бірге, шебер зергерлердің жасаған алтын өрнектерінде де сақталып қалған.

Индира Кауметова

 


Back to the list