02.02.2015
Жүргізіліп жатқан жұмыс бабымен ОҚО әкімі А.Мырзахметов танысып өтті. Мельпомен храмында жаңартылған интерьер. Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, концерттік залдағы дыбыс изоляциясы арнайы материалдардың жабдықталуымен қамтамасыз етілді. Көрермендердің орындықтары ауыстырылып, сахнаны әрлеуде алғышартты технологиялар қолданылды.
Орыс драма театры басшылығымен кездесуінде облыс әкімі елдің үшінші мегаполисіне үміткер Шымкентте соңғы жылдары мәдени төңкеріс болып жатқанын айтты. Облыс әкімі театрлардың репертуары қызықты спектакльдармен толығып, патриоттық сезімді ұлғайтиу керек екендігін айтып өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Шымкенттің жеке театрлық өмірі болуы тиіс – бұл басты тапсырма. Біз жас таланттарды өзіміздің сахнамызда тәрбиелеуміз керек», - деді А.Мырзахметов.
Театрдың бас режиссеры И.Вербицкий облыс әкіміне театрға көрсетіліп отырған қолдауға алғыс білдіріп, жаңа театр маусымын Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Абылайхан» қойылымымен ашатындығын айтты.