28.01.2015
Білім және ғылым министрлігінде хабарлағандай, Берекет Бақытжанұлының қазақ хандығын ғылыми тұрғыдан зерттеп келе жатқан мерзімі 22 жылға жуықтапты. Алғашқы ғылыми мақалалары Қазақ хандығы жайында жарық көріп, содан бері бірнеше ғылыми еңбектер, авторлық кітаптар, диссертация жазған.
«Ең алдымен Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау, қазақ жастарының бойына идеологиялық сана қалыптастыруда маңызды рөл атқарып отыр. Бұл кітап әрбір қазақтың төрінде тұру керек деп есептеймін», – дейді Берекет Бақытжанұлы.
Кітап 7 бөлімнен тұрады. Монографияда Қазақ хандығы құрылуының теориялық-әдістемелік мәселелері, хандықтың құрылуының зерттелуі, оның деректері, этникалық және саяси алғышарттары, хандықтың құрылу барысы мен кезеңдері, «қазақ» этнонимі, сондай-ақ хандықтың құрылуының тарихи маңызы сияқты мәселелер қарастырылған.
Монография жоғары оқу орындары студенттеріне, магистрлар мен докторанттарға және жалпы қазақ елінің тарихына қызығушылықпен қарайтын қалың оқырманға арналған.