• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР ИДМ еліміздегі автомобиль жолдарының бүгінгі жағдайы туралы айтып берді 16.11.2017

«Бағдарлама алдағы бес жыл ішінде құрылыстың бес негізгі бағытын тең дамытуды көздейді. Бұл – Орталық - Солтүстік, Орталық - Шығыс, Орталық - Оңтүстік, Орталық - Батыс және Алматы – Шығыс автожол жобалары. 2015-2016 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері республикалық маңызы бар 2 мың шақырым автокөлік жолдары салынып, қайта жаңартылуда. Оның ішінде 1,3 мың шақырым жол 1 және 2 техникалық санат параметрлері бойынша пайдалануға берілді. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Көкшетау-Петропавл учаскелері толығымен аяқталды»,-деп атап өтті Амангелді Беков.

Ол атап өткендей, бағдарлама аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85% -ға дейін жетті. Биыл бағдарлама Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл және Орал-Каменка жобаларының құрылыс жұмыстарын жалғастырды. Олардың жалпы ұзақтығы 1,2 мың шақырым. Сонымен қатар, ұзақтығы 2,5 мың шақырым болатын Қандыағаш-Мақат, Жетібай-Жаңаөзен, Құрты-Бурылбайтал, Талдықорған-Өскемен, Меркі-Бурылбайтал, Калбатау-Майқапшағай, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Таскескен-Бақты, Осинов асуы, Щучинск – Зеренді жаңа жобаларын іске асыру басталды. Жыл аяғына дейін жалпы ұзақтығы 0,7 мың шақырым болатын Ақтөбе-Қандыағаш, Атырау-Астрахань, Ұзынағаш-Отар, Астана қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолы, Қостанай-Денисовка айналмалы жолдарының жобалары бойынша шарттарды бекіту және дайындық жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Осы жобалардың арқасында шамамен 9 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

«Жылдың қорытындысы бойынша I және II техникалық санат параметрлері бойынша 600 шақырым жолды және Бейнеу-Ақтау және Алматы-Талдықорған автожолдарын қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр», - деп түйіндеді А.Беков.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list