09.11.2017
171 шақырымға созылған Астана-Теміртау учаскесінің бүгінде 105 шақырымы пайдалануға берілді, қозғалыстың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Қалған 66 шақырым бойынша инженерлік абаттандыру жүргізілуде. Толық аяқталу 2017 жылдың IV тоқсанына жоспарланып отыр.
Биыл Теміртау-Қарағанды учаскесінде 14 шақырым жолды жөндеу қарастырылған. Жолдан бөлек учаскеде 4 көлік жол айырығы салынып жатыр. Жыл қорытындысы бойынша қозғалысты ашу жоспарланған, жөндеу жұмыстары 2018 жылы толық аяқталады.