09.10.2017
Астана қаласының тұрғын үй басқармасы мәлімдегендей, жоспарға сәйкес осы жылы апатты жағдайда тұрған 111 үй құлатылып, 1800-ден астам отбасы жаңа нысандарға көшірілуі тиіс. Бүгінге дейін апатты жағдайдағы үйлердің 77-сін құлату шаралары аяқталған.
«Биыл апатты жағдайдағы 111 үйді құлатып, 1800-ден астам отбасыны көшіру жоспарланды. Бүгінге дейін 77 үйдің тұрғындарын көшіру шаралары аяқталды. Алдағы екі аптада 200-ден астам отбасы тұратын тағы да апатты 21 үйдің тұрғындарын көшіруді бастаймыз. Апатты үйлер негізінен елорданың оң жақ жағалауында орналасқан», - деп хабарлады әкімдік.
Апатты жағдайдағы үйлерді құлату» жобасы Астанада 2013 жылдан жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында 1940-1970 жылдардың аралығында салынған үйлер бұзылып, олардың тұрғындары жаңа нысандарға көшіріліп жатыр. Бұл – орталықтандырылған жылумен, сумен, қамту жүйесіне, кәріз жүйесіне қосылмаған үйлер.
2013-2016 жылдардың аралығында апатты жағдайдағы 117 үй құлатылып, 1570 отбасы көшірілген.
Айта кету керек, жоба шарттарына сәйкес, тұрғындар апатты үйдегі пәтер ауданына тең келетін жаңа пәтерлерге ие болады.