18.08.2017
Ақмола және Алматы облысынан 11 адам бір ай бойы жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша еңбек етті. Жастар өздерінің мамандықтарына байланысты әртүрлі қызмет атқарды. Ол іргетасты бетондау, жүк тасымалдау, мен электр тарту жұмыстары. Орташа жалақы 60 мың теңгені құрады.
Айта кетейік, қазандық құрылысы 2015 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында басталған болатын.
Жаңа қазандық қаланың экологиялық ластануын шешеді. 10 жылу беру нысананың орнына, 1 қазандық тұрғын үй массивінен бөлек салынатын болады. Құрылысты аяқтау 2018 жылға жоспарланып отыр.