10.08.2017
«Жалпы, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мамлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылға 484 млрд теңге бөлінде, оның 7 айда 190 млрд теңгесі игерілді және өткен жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда игерілу 62,9 млрд теңгеге артты», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, қаржының игерілуі барлық бағыттар бойынша артқан, мәселен автожол жобалары бойынша игеру 35,6 млрд теңгеге көбейген.
«Жалпы, жыл қорытындысы бойынша қаржы толығымен игеріледі деп күтудеміз», - деді А. Жұмағұлов.

Ол толықтырып кеткендей, «БЖК-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік нысандарына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша қаржыны игеру 1,01 млрд теңгеге артқан.
«ҚР ҰЭМ «Нұрлы жол» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру және қаржыны уақытылы игеру бойынша күнделікті мониторинг жүргізетін болады. Бүгінде қаржыландыру жоспарға сай жүргізілуде және жыл соңына қарай барлық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізіледі деп күтілуде», - деп түйіндеді Айбатыр Жұмағұлов.
Ақбота Күзекбай
Фото Шыңғыс Қаппаров
Видео Арман Мұхатов