• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы облысының транзиттік әлеуеті артты 08.08.2017

Алматы облысы әкімдігі хабарлағандай,  бірінші жарты жылдықта тасымалданған жүк көлемі 4,7 %-ға артты немесе 89,2 млн. тонна, ал жолаушы тасымалы 7,1 %-ға өсті немесе 409,3 млн. адам тасымалданды.

Жергілікті маңыздағы жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 22,2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша, өңірде 14,3 шақырым жол салынып, жаңғыртудан өтсе, 35 шақырым жолға күрделі жөндеу жасалуда. Орта және ағымдағы жөндеумен 150 елді мекеннің ауылішілік жолдары қамтылды. 


Back to the list