07.08.2017
Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлағандай, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу саласында Түпқараған ауданында «Ағарған» ЖШС-ның қуаттылығы жылына 650 тоннаны құрайтын түйе сүтін бөтелкелерге құю зауыты және Маңғыстау ауданында қымыз дайындау цехы жұмыс істейді. Қуаттылығы жылына 2200 тоннаны құрайтын құс фабрикасын ашу, қуаттылығы жылына 650 тоннаны құрайтын түйе сүтін дайындау, қымыз дайындау цехын ашу және қуаттылығы жылына 15 мың тоннаны құрайтын қоспа жем өндірісін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Сумен қамтамасыз етуге келетін болсақ, өңір басшысы Ералы Тоғжанов ауыз су тапшылығы жаңа тұщыландыру зауыттарын салу, сондай-ақ «Каспий» тұщыландыру зауытын жаңарту арқылы шешілетінін атап өтті.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері облыста 1022 орынға арналған 13 мектепке дейінгі мекеме, 5400 орынға арналған 8 орта мектеп пайдалануға беріліп, облыстың 117 мектебі интернет желісіне қосылған.