• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Абайдағы жылу жүйесін қайта қалпына келтіруді уақытынан бұрын аяқтау жоспарлануда 04.08.2017

Жылу магистралін қалпына келтіру жұмыстары ағымдағы жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында басталды. Аймақ басшысы Ерлан Қошанов жөндеу жұмысының барысымен танысты.

Атап өтер болсақ, жоба қолданыстағы 2 078 м магистралды жүйесін жаңасына алмастыру арқылы қайта қалпына келтіруді көздейді.  Сонымен қатар, ауданы 34,2 шаршы метр жылукамерасының құрылысы көзделген.

«Жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айныда басталды. Қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау қазан айына жоспарланған алайда біз уақытынан бұрын аяқтауды көздеп отырмыз. Бүгінде жұмыстардың 80% жүзеге асырылған. Қазіргі таңда мұнда 55 адам жұмыс істеуде. Барлық қажетті құрылыс материалдары мен технологиялар бар. Айта к етерлік жайт, құрылыс материалдарының 70-80% Қазақстанда өндірілген», - деп есеп берді «Агропромремстрой»ЖШС мердігер компаниясының директоры Сатыбалды Жолдыбаев облыс әкіміне.

Ерлан Қошанов аяқталу мерзімін бақылауға алудың және қайта қалпына келтіру жұмыстарының кестеге сай аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. 


Back to the list