• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Нұрлы жол»: Астанада екі мектептің құрылысы басталды 27.07.2017

2017 жылы Астанада білім саласындағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1 266,9 млн теңге бөлінді.

«Сонымен қатар, аталмыш қаржының бір бөлігі 2017-2018  оқу жылы басталғанға дейін пайдаланылуға берілетін №16, 32, 37 мектептердің қосалқы құрылысына бағытталды. Бұдан басқа, 2000 орынға есептелген екі мектептің құрылысына  бөлінді. 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша қомақты қаржының 708,9 млн теңгесі игерілген», — деп атап өтті қала әкімдігі.

2017-2018 оқу жылы мектептерге 2600 орынға есептелген  қосымша құрылысты пайдалануға беру көзделген.

Бүгінде 6800 орынға есептелген 6 мектептің құрылысы басталды, олар 2018 жылы пайдаланылуға беріледі деп жоспарланған.  Тағы 4200 орынға есептелген 4 мектептің құрылысын бастау көзделген. Сондай-ақ, құрылысы 2018-2019  жылдары басталатын жаңа 13 мектепті жобалау жұмыстары басталды. 


Back to the list