• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Нұрлы жол»: Шардарада 2 көпқабатты үй салынады 13.05.2017

Болатбек Қыстауовтың айтуынша, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы  аясында Шардара қаласындағы  Астана және Әл-Фараби көшелерінен 40 пәтерлі көпқабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы басталады.

«Бұл бойынша бүгіні таңда жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Ал биылғы жылы үш ауылдық округте, яғни, Сүткент, Ақшеңгелді, Егізқұм ауылдарында  жергілікті бюджеттен бөлінген 64 млн. теңгеге бір пәтерлі 9 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға береміз деп отырмыз»,-деді аудан әкімі.

 Жалпы Шардара ауданында бүгінгі таңда  996 отбасы тұрғын үй кезегінде тіркелген. Олардың ішінде 126-сы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. 


Back to the list