28.04.2017
Құрметті теміржолшы, сала ардагері Қалтай Сәмбетовтің айтуынша, «Отар –Шілбастау теміржол телімінің экономикалық маңызы зор. Себебі, мұндағы 11 шақырымдық жаңа жол арқылы барлық магистральдың бойындағы жылдамдықты күшейтіп, өткізу мүмкіндігін арттырады».
Қ. Сәмбетовтің түсіндіруінше, «Отар учаскелік станциясынан басталатын жол, Алматы мен Жамбыл жол бөлімшесі шекарасында түйіседі. Бұрын осы пойыздар түйіскен тұста қосымша аялдама болмаған».
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Жаңа жобаларды жүзеге асыру жөніндегі дирекцияның басқарма бастығының міндетін атқарушы К. Байдәулетовтің айтуынша,құрылысшылар Компанияның пайдалану құрылымындағы мамандармен өзара бірлескен жұмыстар жасай отырып, екінші өткізу кешенінің бірінші телімінің жұмысын мерзімінде аяқтады.
«Отар-Шілбастау қума жолы Қызылтаң станциясын жаба отырып, жұп және тақ жолдармен пойыз қозғалысы жұмысын бастады. Жолдың өнбойында жолаушылар пойыздары жүріп тұр. Бүгінгі таңда олардың саны 25 жұпқа жеткізілді»,-дейді К. Байдәулетов.
Бұл күндері Алматы-Шу теміржолында жұмыс жалғасуда. Маусымның басында Жиренайғыр-Қопа қума жолының телімін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазыбек бек станциясында автокөлік өткізу жолы салынуда.
Қазіргі таңда екінші жолдың 66 шақырымы пайдалануға берілді. Биылғы жылы жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Жолдың жалпы ұзындығы 110 шақырымды құрайды.