• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жамбыл облысында «Нұрлы жол» бойынша  4 нысан салынады 30.03.2017

Тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту бағыты бойынша 2016 - 2017 жылдарға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында, облегация шығару арқылы 6 тұрғын үйдің құрылысына 4,4 млрд. теңге қаралды.

2017 жылы 1,4 млрд. теңге бөлініп отыр, есепті кезеңде игерілуі тиіс 500,0 млн. теңге толығымен игерілді.46,8 мың шаршы метрлі, (480 пәтер) 6 тұрғын үй, осы жылдың 1-ші жарты жылдығында пайдалануға тапсырылады.

Одан бөлек, 2016 жылы "Байтерек девелопмент" АҚ облыстың бес құрылыс компанияларымен тікелей келісім - шарт жасап, 22,8 мың шаршы метрлі 395 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын жүргізді.

Бөлінген қаржы 99 пайызға игерілді және 128 км. инженерлік жүйелер салынды.Ал, 2017жылы осы бағыт бойынша 6 нысанның құрылысына 1,6 млрд. теңге бөлінді, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы пайдалануға тапсырылады, - деп айтты Ә.Ахатаев.


Back to the list