• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Нұрлы жол» бойынша жолдардың құрылысына  100 мың адам  жұмылдырылады 16.02.2017

Р.Склярдың айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2017 жылы 4,4 мың шақырым жолда жұмыс жүргізіледі, оған 100 мың адам тартылады. Жыл соңына дейін 600 км жол пайдалануға беріледі.

Биыл Бейнеу-Ақтау (2017 ж.-230 км), Алматы-Талдықорған (2017ж-24 км), сондай-ақ, Астана-Павлодар (232км) автожолының жекелеген учаскелері, Орал-Каменка (50 км), Ақтөбе-Атырау (26 км), Қордай асуын айналып өтетін жол (40 км)  толық аяқталады.

 Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, жергілікті автожол желілерінің 34%қанағаттанарлықсыз жағдайда (БҚО-72%, Ақтөбе-52%, Атырау-51%, СҚО-45%). Жылына орташа алғанда шамамен 2 мың шақырым жол жөнделеді. Бұл республикалық желімен салыстырғанда 3 есе төмен. Осыған байланысты вице-министр әкімдерге өз аймақтарындағы облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты.

Барлық ресурстарды тұрғын үй құрылысы саласына шоғырландыру үшін бірыңғай «Нұрлы жер» бағдарламасы қабылданды - деп атап өтті Р.Скляр. Оның аясында 1,5 млн. баспана, оның ішінде 2017 жылы 100 мың баспана салынады.

          


Back to the list