16.02.2017
«Облыс бойынша инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында өткен жылы пайдалануға 3 білім мекемесі берілді, инженерлік-коммуникациялық 12 жоба аяқталды. 300 орындық жаңа мектеп Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылында, Курчатов қаласында 600 орындық мектеп, Ұлан ауданының Таврическое ауылында 320 орындық мектеп салынды. Бөлінген қаржының жалпы құны 3,5 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Биылғы жылы 5 білім нысанын Семей, Риддер, Аягөз және Шемонаиха ауданында салу жоспарланған. Сондай-ақ, инженерлік инфрақұрылым бойынша 24 жоба аяқталды. 9,5 мың адамы бар 10 ауылға алғаш рет су құбыры орнатылады, 30 мың ірі қалада су, жылу беру жүйесі жақсартылады.
Сондай-ақ, әкімдікте хабарлағандай, тұрғын үйлердің құрылысы жалғасады. Өткен жылы Семей қаласында жалпы ауданы 5,1 мың шаршы метр болатын нысан тапсырылды.