• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Нұрлы жол»: Қарағанды облысында әлеуметтік инфрақұрылымды  дамытуға 2,3 млрд теңге жұмсалады 10.02.2017

13 жобаны жүзеге асыруға барлығы 10 млрд теңге (Ұлттық қор – 9,8 млрд. теңге, облыстық бюджет - 0,2 млрд. теңге) бөлінді.

Соның ішінде:8,5 млрд. теңге 10 жобаны іске асыруға (3 жоба - жылу және кәріз желісін қайта жөндеу,4 білім нысандарын салу, 3 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (ИКИ) жобасы)1,5 млрд. теңге кредиттік баспана салу бойынша 3 жобаға жұмсалады.

«Жалпы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 2,3 млрд. теңге жұмсалады.Соның ішінде, қарағандыда Панель-орталық шағын ауданында 1200 жалпы білім беретін мектептің құрылысына – 757,4 млн. теңге.Тұрғын үй құрылысын нығайтуға 2 млрд. теңге қажет», - делінген  хабарламада.

Атап айтқанда, Жезқазғанның Батыс ауданында ЖТҚ-ға ИКИ салу – 79,7 млн. теңге, Қарқаралының шығыс бөлігінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы – 324,8 млн. Теңге, Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің А. Байбосынов көшесіндегі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыытуу және абаттандыру – 70,9 млн. Теңге, Қарағандыда «Панель орталық» шағын ауданында №1, 2, 3 кредиттік баспаналарды салу – 1526,6 млн. теңге бөлінді.


Back to the list