05.01.2017
ТКШ жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы негізгі көрсеткіш жылу, сумен қамтамасыз ету, су тарту желілерінің тозуын 2014 жылғы 67%-дан 2020 жылы 53%-ға дейін түсіру және тұтынушыларға берілетін қызмет сапасын арттыру болып табылады.
Шығыны және апаттық жағдайы ең жоғары жылумен қамтамасыз ету желілерінің1 мың шақырымын, сумен қамтамасыз ету және су тарту желілерінің 6 мың шақырымын модернизациялау жоспарланып отыр.
Осы мақсатта150 млрд теңге бөлінді (2015 жылы – 60 млрд теңге, 2016 жылы – 90 млрд теңге, оның ішінде 75 млрд теңге бюджеттік несиелендіруден, 15 млрд теңге – субсидиялау).
Нәтижесінде 401,4 шақырым инженерлік желі салынды, оның ішінде жылумен қамтамасыз ету 191 шақырымды, сумен қамтамасыз ету және су тарту желілері : 210,4 шақырымы құрап отыр.