14.12.2016
Балабақшада 74 жұмыс орны құрылды. «Айналайын» деп аталған мектепке дейінгі бұл мекемені "Грифон House" ЖШС мердігердік ұйымы салды. Ресми деректерге сәйкес, құрылыстың жалпы сомасы 625 миллион теңгені құрады.
Ақсудың №9 шағын ауданында ешқашан мектепке дейінгі білім беру мекемесі болмаған, сондықтан да бұл балабақшаның ашылуы қала тұрғындары үшін үлкен қуаныш.
Атап өтерлігі, бұл балабақшада балалар үштілділік бағдарламасы бойынша білім алатын болады.