12.12.2016
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ауданы 15 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.
«Соңғы 25 жыл ішінде біз үлкен өзгерістерді байқадық, ең бастысы халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Осының барлығы тәуелсіздіктің және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп жатқан саясаттың арқасында. Біз өз жағымыздан облыс тұрғындары жақсы өмір сүруі үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз», - деп атап өтті өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.
Оның айтуы бойынша, ағымдағы жылы біздің облысымызда барлық аудан орталықтары газдандырылды, Ақтөбеде 5 мың отбасы пәтер алды, кемінде 580 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.