• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Өскеменде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 22 жоба іске асырылуда 30.11.2016

2016 жылы бөлінген қаражат есебінен облыстық орталықта жылумен және сумен жабдықтау желілері қайта құрылған. Сонымен қатар, №3 қазандықтан бастап «Өнеркәсіптік база» тұрғын ауданына дейінгі жылу трассасының салынуы да қала үшін маңызды болды.

«Бағдарламаның барлық негізгі бағыттары бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, инфрақұрылым нысандары мерзімінде пайдалануға беріліп жатыр. Бағдарлама жобаларын іске асыру кезінде жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Біз белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік деп те айтуға болады», - деді қала әкімі Ерлан Аймұқашев. 

Бұдан бөлек, биылғы жылы Оңтүстік ауыл көшесін сумен жабдықтау бойынша жобаның іске асырылуымен байланысты проблемалар да шешілді. Қарашада су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. 


Back to the list