• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Нұрлы жол»: Жамбыл облысында 600 орынға арналған мектеп салынуда 30.11.2016

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық №9 орта мектептің (сметалық құны - 1149,3 млн теңге) құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «ТаразҚұрылысДизайн» ЖШС жалпы соммасы 952,1 млн теңгеге ұтып алып, жұмыстарды жүргізуде. 2016 жылға бөлінген қаржы көлемі 897,8 млн теңге. Жоспар бойынша бөлінген қаражаттың 848,5 млн теңгесі игерілді. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2017 жылғы 1 шілдеге жоспарланған.

Пайдалануға 26,3 мың шаршы метр тұрғын үйлер енгізілген немесе 2015 жылдың деңгейіне 100,1 %, бұл жеке тұрғын үй құрылысының өсуіне байланысты.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6,6 млрд теңгені құрады», - деп хабарлады өңір басшысы.


Back to the list