• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Г.Исимбаева: «Нұрлы жол» нысандары  үнемі  депутаттардың бақылауында  болады 20.10.2016

«Мемлекет басшысы  биылғы жылдың  24 наурызында фракцияның бірінші отырысында ұлттық қордан бөлінетін қаражатты бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.  «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасы елдің экономикалық дамуы мен экономикалық саясатының негізі болып табылады», - деді ол.

Депутат атап өткендей, бағдарламаның әлеуметтік саласы ерекше маңызға ие.

 «Тапсырманы жүзеге асыру аясында партия өкілдері  «Нұрлы жол» бағдарламасының 5 бағыты бойынша  биылғы жылғы шақырылымда  12 отырыс ұйымдастырды, фракция президиумында талқылануға бірқатар өзекті мәселелер шығарылды. Олардың қорытындысы бойынша Премьер-Министрге 8 ұсыныс жіберілді», - деді ол.

Оның айтуынша, «Нұрлы жол» нысандары  үнемі депутаттық корпустың  бақылауында болады.

«Тапсырманың орындалу жолында депутаттық корпус тарапынан жүйелік жұмыс жүргізіліп отыр», - деді ол.

Индира Кауметова

Сурет:  Азамат  Әлиев


Back to the list