• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы облысында Кеген-Нарынкұл автомобиль жолының 40 шақырымдық бөлігі жөнделді 20.10.2016

Кеген-Нарынкұл автомобиль жолы Райымбек ауданында Қытай Халық Республикасымен шекаралас орналасқан. Осы бөліктегі жөндеу жұмыстары бұл аймақтың дамуына, сондай-ақ, ішкі туризді дамытуға ықпал етеді. Соңғы рет жолда орташа жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Алматы облысында Алматы – Көкпек – Көктал – Хоргос бағытындағы және жалпы ұзындығы 30 шықырымға созылған «Алма–Тау туристік базасына кіреберіс» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыста жалпы ұзындығы 35 шақырымға созылған Көлсай көліне апаратын Жалаңаш-Саты автомобиль жолының кіреберіс бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осы бөліктегі жөндеу жұмыстарын 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

 

 


Back to the list