• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі тапсырылады – ҚазАвтоЖол 13.10.2016

Ағымдағы жыл соңында Алматы – Қапшағай, Астана – Теміртау және Астана – Петропавл учаскелерінде жұмыстарды аяқтап, қозғалысты ашу жоспарлануда.

Алматы – Қапшағай және Астана – Теміртау көлік жолдары асфальт-бетонды және цемент-бетонды төсеммен І техникалық санаттағы нормалар бойынша салынуда. Учаскелердегі қозғалыс 6 және 4 жолақ бойынша жүзеге асырылады. Қарсы жолақтар ЖКО кезінде қарсы соқтығысуға жол бермейтін қисық сызықты бруспен бөлінген.

«Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар облысында Ертіс өзені және Қостанай облысында Тобыл өзені арқылы өтетін көпірлердің ашылуы жоспарлануда», - делінген ұлттық компания хабарламасында.

Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі «Орталық-Шығыс» дәлізінің құрылысы жобасының бөлігі болып табылады. Осы көпір Астанадан транзиттік көлік ағымдарын Павлодар қаласынан айналып Семейге және Өскеменге бағыттайды. Осы объектінің ашылуы 2016 жылғы 16 желтоқсанға жоспарланған.

Қазіргі уақытта Тобыл өзені арқылы өтетін көпірдегі жұмыстар аяқталуға жақын. Объект 4 айға мерзімінен бұрын пайдалануға тапсырылады. 


Back to the list