• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
6300 тонналық  өнім «Жібек жолы» құрғақ жүк кемесі қазақстандық жүкпен Ақтаудан Бендер-Энтели портына жіберіледі 12.10.2016

Қазіргі таңда құрғақ жүк кемесіне көлемі 6300 тонналық «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының өнімі тиелуде.

Атап өтерлігі, жалпы көлемі 7000 тонналық «Жібек жолы» құрғақ жүк кемесі биылғы жылы шілдеде Шлиссельбургте суға түсірілген болатын. Қазан айының басында Нева кеме жасау және жөндеу зауыты «Атамекен» құрғақ жүк кемесін суға түсірді.

Қазақстанда Каспий теңізінде кеме қозғалысын ұлғайтуға көп көңіл бөлінуде. Жаңа үлгідегі замануи кемелер теңіздегі мультимодальдық логистикалық тізбекті жасақтап, халықаралық жүк тасымалында бәсекелестікке төтеп беруді көздейді.

2020 жылдары Қазақстанда құрғақ жүк флоты 20 данаға жеткізілмек. Ол өз кезегінде Каспий теңізіндегі Ақтау порты арқылы экспортқа шығарылатын жүктер көлемінің 55 пайызын қамтуға мүмкіндік әпереді.Каспий теңізіндегі кеме қозғалысын дамыту Шығыс-Батыс – Транскаспий бағдары және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәліздерін жалғайды.

Бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ Стратегиялық дамуының басым бағдары болып табылады.Қазақстанның Каспий теңізіндегі қатысуы - Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту, ҚР құрғақ жүк флотын дамыту, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарынан туындап отыр.


Back to the list