05.10.2016
«Ұзындығы 1 288 шм және құны 863 млрд. теңге тұратын «Орталық-Оңтүстік» жобасы бойынша (Астана-Алматы) жұмыстар 2013 жылдан бастап Астана-Теміртау (171 шм) және Алматы-Қапшағай (104 шм) учаскелерінде басталған. Бүгінгі таңда 12 шм Астана-Теміртау учаскесі және 72 шм Алматы-Қапшағай учаскесі пайдалануға берілген», - деп баяндады министр.
Оның айтуы бойынша, осы жоба бойынша 2016 жылғы бюджет – 63 млрд теңге. Бөлінген қаражат есебінен жұмыстар жоғарыда көрсетілген учаскелерде жүргізіліп жатыр, олар жыл қорытындылары бойынша толығымен аяқталады: Астана-Теміртау – 159 шм, Алматы-Қапшағай – 32 шм). 59 % - 36,9 млрд теңге игерілген.
«Ұзындығы 1 018 шм және құны 407 млрд. теңге тұратын «Орталық-Шығыс» жобасы бойынша (Астана-Өскемен) жұмыстар 2013 жылдан бастап Астана-Павлодар (441 шм) және Павлодар-Семей-Қалбатау (473 шм) учаскелерінде жүргізілуде. Бүгінгі таңда 218 шм пайдалануға берілген, соның ішінде Астана-Павлодар – 47 шм, Павлодар-Семей-Қалбатау – 171 шм», — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Министрдің баяндамасына сәйкес, осы жоба бойынша 2016 жылғы бюджет 60,5 млрд теңгені құраған. Бөлінген қаражат есебінен жұмыстар 516 шм-да жүргізілуде: Астана-Павлодар – 394 шм, Павлодар-Семей-Қалбатау – 122 шм. Бүгінгі күні бөлінген қаражаттың 69%-ы - 41,5 млрд теңгесі игерілген. Жыл қорытындылары бойынша 20 шм Астана-Павлодар учаскесі бойынша бір бағытта жол жүруді ашу және Ертіс өзені арқылы 12 шақырымдық көпір өткелінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.