05.10.2016
«Елбасы 2018 жылға қарай үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің мәселелерін шешуді тапсырған болатын. 2020 жылға қарай 3-6 жасқа дейін балларды мектепке дейінгі біліммен қамту қарастырылған. 2015-2016 жылдары 77 млрд теңге, 2015 жылы 19,4 млрд теңге, 2016 жылы 57,9 млрд теңге 96 білім беру нысанын салуға – 77 мектеп және 19 балабақша құрылысына бөлінді», - деді Қ.Бишімбаев.
Министрдің айтуынша, бұл мақсаттарға қарастырылған 57 млрд теңгеден жергілікті атқарушы органдар 38 млрд теңге бағыттады. Оның ішінде 34,8 млрд теңгесі не 96 пайызы игерілді.
«Ақмола, Алматы, Қостанай, Ақтөбе және ОҚО облыстары мен Алматы қаласы қаражатты толық игерді. ШҚО 71 пайызға, Астана 80 пайызға арта қалып келеді», - деді министр.
Сондай-ақ, Атырау облысында орта мектеп пен балабақша құрылысының уақыты бойынша олқылықтар бар.
Ботагөз Айтжанова